
Қостанай облысының әкімі Кумар Аксакалов XII Азаматтық форум жұмысына қатысты. Өз сөзінде өңір басшысы үкіметтік емес ұйымдардың қоғамды дамытудағы үлкен үлесін және олардың мемлекетпен әріптестіктегі маңызды рөлін атап өтті.
Форум қонағы Қазақстан азаматтық альянсының президенті Бану Нұрғазиева ҮЕҰ-дың маңыздылығын және ҮЕҰ туралы Заң қабылдаудың қажеттілігін атап өтіп, әсіресе Қостанай ұйымдарының жетістіктерін ерекше бағалады.
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Екатерина Смышляева форум қатысушыларына заң жобасы қазір талқылау сатысында екенін жеткізді.
ҚР мәдениет және ақпарат Министрлігі Азаматтық қоғам істері комитетінің төрайымы Гүлбара Сұлтанова заңнамаға енгізілетін түзетулер туралы айтып, республикада Қостанайдағы ҮЕҰ үйіне ұқсас баламаның әзірге жоқ екенін атап өтті.
Форум қатысушыларына «Қазақстан халқына» қорының қаражатына жүзеге асқан жобалар таныстырылды. Қор басшысы Ләззат Чингисбаева тек өңірдің өзінде 15 млрд теңгеден астам сомаға жобалар іске асқанын мәлімдеді.
«Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ төрайымы Лима Диас облыс әкімдігімен гранттық қаржыландыру саласында әріптестік орнатуға дайын екенін жеткізді.
Форум бір нәрсені тағы да дәлелдеді: Қостанай облысы азаматтық қоғамды дамытуда алдыңғы қатарда!

